GULNAR FEST-2026 байқауы

«GULNAR FEST» байқауында Күншуақ бөбекжайының тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 16 қазан күні «Күншуақ» бөбекжайының тәрбиеленушілері «GULNAR FEST» байқауына қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Байқау барысында бөбекжай тәрбиеленушілері ән мен би өнеріндегі қабілеттерін танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Атап айтқанда:

  • «Гүлдер биі» – І орын. "Мұрагер" мектепалды тобы Би жетекшісі: Ашимова Д.Р.
  • «Қазақ елім» хоры – ІІ орын. "Шаңырақ" ересек тобының тәрбиеленушілері. музыка жетекшісі: Бүлекбаева П.Б.
  • «Үкілі кәмшат» ансамблі – ІІ орын. "Дәстүр" мектепалды тобының тәрбиеленушілері. музыка жетекшісі: Бүлекбаева П.Б.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптеу. Тәрбиеленушілердің ән мен биге деген қызығушылығын оятып, сахналық мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық талғамын жетілдіру, дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін шыңдау. Сонымен қатар, байқауларға қатысу арқылы балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, өнер арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Бұл жетістік – тәрбиеленушілердің талпынысы мен еңбегінің, жетекшілердің кәсіби шеберлігі мен ізденісінің жемісі.

«GULNAR FEST» байқауында жүлделі орындарға ие болған бүлдіршіндерімізді және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да өнерлеріңіз өрге жүзіп, биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңіздер!