«Балаға көңіл бөлу – оның дамуына қолдау көрсету» кеңесі
Тақырыбы: «Балаға көңіл бөлу – оның дамуына қолдау көрсету»
2026 жылғы 18 қыркүйекте «Күншуақ» бөбекжайында ата-аналарға арналған «Балаға көңіл бөлу – оның дамуына қолдау көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел форматында кеңес өткізілді.
Мақсаты – ата-аналарға баланың бөбекжайға бейімделуінің алғашқы күндеріндегі эмоционалдық жағдайын түсіндіру, психологиялық қолдау көрсету жолдарымен таныстыру және отбасы мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Дөңгелек үстел барысында бөбекжай әкімшілігі ата-аналарға баланың жаңа ортаға бейімделу кезеңінің ерекшеліктері, эмоционалдық жай-күйі және ата-ананың қолдауының маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар баламен сенімді қарым-қатынас орнату, оның сезімдері мен қажеттіліктеріне түсіністікпен қарау, күнделікті жылы сөздер айту, баланы мадақтау және бөбекжайға жағымды көзқарас қалыптастыру жолдары талқыланды. Кездесу барысында ата-аналарға баланың алғашқы күндеріндегі мазасыздығын азайту, өзіне деген сенімділігін арттыру және жаңа ортаға біртіндеп бейімделуіне жағдай жасау бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Қорытындылай келе, баланың эмоционалдық саулығын қамтамасыз ету үшін ата-ана мен педагогтердің өзара түсіністігі мен бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді. Қорытынды: Дөңгелек үстел ата-аналардың балаға эмоционалдық қолдау көрсету туралы түсініктерін кеңейтуге, бөбекжай мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.